×

Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеген адамның соңғы жағдайы белгілі болды

Оның денесінің 98% термиялық күйік шалған

Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеген адамның соңғы жағдайы белгілі болды
Сурет: Бейнеден кадр

Маңғыстау облысы әкімдігінде өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Руслан Бекібаев растады. 

"Науқас 17 желтоқсанда таңғы 9-да қайтыс болды. Оның денесінің 98% термиялық күйік шалған. Біз оны ауырсынуды сезінбеу үшін дәрі-дәрмекпен ұйықтатқан болатынбыз. Бірақ оның қысымы кенеттен төмендеп, ауырсынудан қатты шок алып, есін жимастан қайтыс болды. Марқұмның денесі медициналық тексеруге жіберілді", –  деді Руслан Бекібаев.

Оның айтуынша, өртеу, жол-көлік оқиғасы, ұрып-соғу сияқты жағдайлар қылмыстық іс болып саналады және қайтыс болған адамдардың денелері аутопсия үшін медициналық мамандарға жіберіледі екен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →