×

3 мың теңгенің дәрісін ішіп жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан: Шымкент тұрғыны басынан өткен оқиғаны айтып берді

Әйелдің денсаулығы аяқ асты нашарлап кеткен

3 мың теңгенің дәрісін ішіп жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан: Шымкент тұрғыны басынан өткен оқиғаны айтып берді
Видеодан скриншоттар

Шымкенттегі «Көктем» базарынан қысым түсіретін дәріні сатып алып ішкен әйел аяқ астынан аллергиясы қозып, денсаулығы нашарлап кеткен. Басында дәрі көмектескенімен, екі айдан кейін денесі қышып, ұйықтай алмай қалыпты. Qaz365.kz тілшісі зардап шеккен әйелмен сөйлесіп, оның оқиғасын тыңдап көрді.

«Бірінші басым қышыды. Одан кейін денеме шықты жайлап. Ол бірден шыққан жоқ қой. Бастағы қышу арқама ұласты. Майда-майда бөртпелер шықты. Одан кейін үйге учаскелік дәрігерді шақырдым. Ол аллергия деді. Дәрі жазып берді. Оны барып салғызып келдім. Одан кейін қышығаны одан сайын асқынды. Қышыған сайын шыға берді. Одан кейін система алдым. Аллергологқа бардым. Ол қызылша деді. Ол берген дәріні де көрдік. Ертесіне жұмысқа шығайын дегенде, азанда денемнің бәріне шығып, жаралар үлкейіп, беттерім, көзім, еріндерім ауырды. Одан кейін жедел жәрдем шақырдым», – дейді Шымкент тұрғыны.

Дәрігерлер әйелдің диагнозы қызылша емес депті. Анализ де алынған. Бірақ қышу тоқтамай, әйел жансақтау бөліміне түскен. Сол жерде система алғаннан кейін ғана қышуы тоқтаған.

Аллергология-пульмонология бөлімшесінің меңгерушісі Гүлсім Байділдаева науқас өте ауыр жағдайда, қызуы жоғары күйде келіп түскенін айтты. Келген соң бірден жансақтау бөлімшесіне жатқызылған. Сол жерде 10 күн бойы белсенді терапия алып, кеше, 18 желтоқсан күні, ғана палатаға ауыстырылған. 

«Терісінің 70 пайызы бөртпе болды. Температура, ауырсыну, төмен қан қысымымен келді. Сол үшін жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазір жағдайы бірқалыпты болған соң, бөлімшеге ауыстырдық. Айтуынша, бір ай көлемінде өзі интернеттен көріп, қысым түсіретін зат тапқан. Оны Шымкент қаласындағы бір дүкеннен алған. Шыны құтыдағы дайын сұйықтық. Оның ішінде куркума, алма қышқылы және зімбір қосылған сұйықтықты қасықпен іштім дейді. Күнделікті бір қасықтан ішіпті. Бір айдай ішкен. Сосын бір ай көлемінде демалған. Сол ішкен кезде давлениені түсірді дейді. Сұрастырсақ, науқастың қан қысымы алып бара жатқан 170-180 емес, 160 көлемінде болған. Соған ішкен», – дейді Гүлсім Байділдаева.

Маманның айтуынша, куркума деген қазақтарға арналмаған дәрі. Үндістан елінде кеңінен танылған зат. Оның ішінде ауыр металдар бар. Неге алғаш ішкен кезде шықпады деген сұраққа маман дәрінің қоспасы ағзада жиналғанын айтты. Сол себепті реакция кеш болған. Әйел «Джонсон синдромы» деп аталатын аллергияның ауыр түріне душар болған.

«Бұл кісінің қайта жолы болды. Ерте келгенінен шығар. Ішкі ағзасы бүлінбеген. Өйткені аллергия бірден емес, ақырындап жайлаған. Соған қарамастан, қанында өзгерістер болды. Бауыр мен бүйректің анализдері жоғары шықты. Бәрібір оның ішкі ағзаға әсер етпеуі мүмкін емес. Басым бөлігі теріге әсер еткен. Бұндай жағдай бір жылда бір рет кездеседі. Былтыр екі жағдай орын алған. Бірақ жақсы емдеп шығардық. Биылдыққа бұл бірінші жағдай. Бәрібір жақсы аяқталды. Негізі көп жағдайда өліммен аяқталады бұндай аурулар. Егер кешігіп келсе... Ішкен дәрісі көп мөлшерде болатын болса, онда өліммен аяқталады. Бір клиника бар екен Шымкентте. Иммунитетті көтеру үшін капельница салады. Сыртында қытайша жазылған. Халыққа таң қаламын. Соны қорықпай бес күн алып, бесінші күні бізге алып келді. Ол кезде терісі сағат сайын өзгеріп тұрды. Бүйрегі істен шығып, 25 күн дегенде ауруханада жатты», – дейді Гүлсім Байділдаева.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Марқұм Шерзат Болаттың әпкесінің жалғыз ұлы президентке үндеу жолдады
Бүгін, 20:32

Марқұм Шерзат Болаттың әпкесінің жалғыз ұлы президентке үндеу жолдады

Бақыт Реимованың ұлы Мейірбек президентке видео үндеу жолдады
Компания өкілдері жалақыны көтерудің екі нұсқасын ұсынғанымен, жұмысшылар онымен келіспеген
Денесінде зорлық-зомбылық пен жарақат іздері табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →