×

Марқұм Шерзат Болаттың әпкесінің жалғыз ұлы президентке үндеу жолдады

Бақыт Реимованың ұлы Мейірбек президентке видео үндеу жолдады

Марқұм Шерзат Болаттың әпкесінің жалғыз ұлы президентке үндеу жолдады
Видеодан скриншот

Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жақында 15 тәулікке қамалды. Оның қарындасы Бақыт Реимоваға да «митингке үндегені үшін» деген айып тағылып, 15 тәулікке жабылды. Сонымен қатар Реимованы сот Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған. Осы ретте Бақыт Реимованың ұлы Мейірбек президентке видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен Бақыт Реимованың баласымын. Сот менің анамды 15 тәулікке қамап, Қазақстаннан депортациялау жөнінде үкім шығарған болатын. Ол кісі менің жалғыз асыраушым. Өзім кәмілет жасқа толмағанмын. Мектепте 11-сыныпта оқимын. Анамнан басқа ешкімім жоқ. Сондықтан анамнан айырмауларыңызды өтінемін. Анамның Қазақстаннан басқа баратын жері жоқ. Екеуіміз де қазақпыз.  Елім үшін қызмет еткім келеді. Егер сот анамды ел аумағынан шығарар болса, бір-бірімізді бес жылға дейін көре алмайды. Бұл үкімді өз бақылауыңызға алуды сұраймын», - дейді Мейірбек.

Айта кетейік, бұған дейін адвокат Мейірман Шекеев Шерзат Болаттың әпкесін Қазақстаннан депортациялауға жол бермеуге тырысып жатқандарын айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
Кеше, 18:34

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →