Олар қылмыстарды 2022 жылдың 24 ақпаны мен 2024 жылдың қаңтары аралығында жасаған
Ақмола облысының бес тұрғынына алаяқтық туралы іс бойынша сот үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Бурабай аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Тергеу материалдарына сәйкес, бұрын сотталған азамат жәбірленушілерге несие алуға көмек ұсынған. Сонымен бірге ол қайтаруға уәде берген соманың 50% -ын өзіне алған. Бірақ, ақшаны алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Кейінірек ол осы схемаға өзінің төрт танысын тартып, оларға азаматтарды табу және тарту бойынша делдалдық үшін сыйақы төлеген. Осылайша, сотталушылар әрқайсысы 100 мыңнан 15 млн теңгеге дейінгі сомаға 108 адамды сан соқтырып үлгерген. Олар қылмыстарды 2022 жылдың 24 ақпаны мен 2024 жылдың қаңтары аралығында жасаған”, – делінген сот хабарламасында.
Сот жазаны тағайындау кезінде төрт сотталушының жас балаларының болуын, кінәсін мойындауын, барлық сотталушылардың шын жүректен өкінуін жеңілдететін жағдай деп санады. Ауырлататын жағдай топ басшысының бұрын сотталғандығы болған.
“Алаяқтық топтың басшысы 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Басқа қатысушылар 3, 3,5 және 4 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот шешімінде.