×

«Бір апта бұрын ғана оралған». Қаза тапқан Кальяниновтың анасы ұшқыш ұлы туралы айтты

Александр бар болғаны бір жыл жұмыс істеді

«Бір апта бұрын ғана оралған». Қаза тапқан Кальяниновтың анасы ұшқыш ұлы туралы айтты
Ашық дереккөзден

«Әзербайжан әуе жолдары» әуе компаниясының (AZAL) ұшқышы болған Александр Кальянинов Ақтаудағы апаттан қаза тапты. Ол өзі бұл жұмысқа кіргеніне көп болмаған. Марқұмның анасы  Елена Кальянинова ұлы туралы естеліктермен бөлісті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Александр Кальянинов Измирдегі технологиялық университеттің және Әзербайжандағы Баку еуропалық лицейінің түлегі.

Марқұм алғашқы еңбек демалысынан бір апта бұрын ғана жұмысына оралған. 

Бір күн бұрын ғана WhatsApp арқылы өзін ұшқыш ретінде тағайындағанын жазды. Үнемі ұшатын тұста және қонғаннан кейін хабарласып отырады. Александр үнемі мені хабардар етіп отырады. Сөйтіп алаңдамауымды өтінеді,- дейді анасы.  

Оның айтуынша, ұлының жұмыс кестесі өте тығыз болған.

Александр бар болғаны бір жыл жұмыс істеді. Жақында алғашқы еңбек демалысына шығып келді. Өзі демалысын Францияда өткізгісі келді. Мен ол ойын құптадым.  «Әрине, Саша, сен оған лайықсың» деп айттым. Енді, міне, арада бір апта өткенде біз одан айырылып қалдық, - дейді Елена Кальянинова. 

Александр өз мамандығына деген сүйіспеншілігіне қарамастан, оның жұмысының егжей-тегжейлерін талқылауды ұнатпайтынын анасы еске салды. 

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған AZAL жолаушылар ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды. Жолаушылардың алтауы Қазақстан, 42-сі Әзербайжан, 3-еуі Қырғызстан, 16-сы Ресей азаматы. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →