×

Құтқарушылар қазақтармыз дегенде жылап жібердік - апаттан тірі қалған қырғыз жолаушысы

Құтқарушылар қазақтармыз дегенде жылап жібердік - апаттан тірі қалған қырғыз жолаушысы
Видеодан скриншот

Ақтаудағы әуе апатынан 29 адам аман қалған болатын. олардың үшеуі қырғыз азаматы. Екі қырғыз азаматы ауруханадан шығуға дайын, тағы біреуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Есін жинаған азаматтардың бірі – 36 жастағы Ерлан Жүнісалиев. Ол белін ауыртып алған. Жапа шеккен азамат ұшақ апатынан кейін оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар келгенін айтты. 

Басында ұшақ қай жерге құлағанын да білмедік. Қатты соққы болды. Есімнен танып қалдым, сондықтан құтқарушылар қашан келгенін түсінбедім.Ұшақ аударылып кеткендіктен, жолаушылар шалқасынан жатты. Құтқарушылар келген бетте бірден зардап шеккендердің қауіпсіздік белдіктерін босатып, шығарып алды. Олардан қай мемлекет деп сұрадық. «Қазақпыз» дегенде жылап жібердік. Біз басқа елдеміз деп ойладық, - дейді Ерлан Жүнісалиев. 

Еске салсақ, Ақтау маңында ұшақтың құлағаны туралы хабарлаған едік. Ұшақта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат орнында аман қалған 27 науқастың 11-і ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жатқызылды. Ал кеше медициналық көмек алған Әзірбайжанның 14 азаматы еліне оралды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

"Теңіз-жүрек" әні қазақ және әзірбайжан тілдерінде орындалған
Бүгінде Маңғыстау облыстық көпбейінді емханасында ұшақ апатынан зардап шеккен науқастар жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →