×

Петропавлда ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінгендер ұсталды

Куәгерлердің айтуынша, жастар бейәдеп сөздер айтып, мәдениетсіздігін көрсеткен

Петропавлда ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінгендер ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда полицейлер ұлы ақындарға арналған ескерткішке мінген құқық бұзушыларды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

1 қаңтар күні кешке Тәуелсіздік стеласының маңындағы мұз қалашығында серуендеп жүрген қала тұрғындары жігіттердің қоғамдық тәртіпті бұзған әрекетін байқап қалған. Олар әйгілі Абай мен Пушкиннің ескерткішіне мініп суретке түсіп жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, жастар бейәдеп сөздер айтып, мәдениетсіздігін көрсеткен. Жаяу жасақ оларды бейнебақылау инспекторларының көмегімен ұстады.

Оларға қатысты қоғамдық орында мас күйде болғандары және ұсақ бұзақылық үшін хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ біраз уақыт бұрын көрші елдердің бірінен Петропавлға келген жастардың үшеуінің де Қазақстан аумағында болу мерзімі аяқталғаны анықталды. Олар бұл бұзушылықтары үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →