×

"1,8 млрд теңге жымқырған": ШҚО-да құрылыс компаниясының топ-менеджерлері ұсталды

Құрылыс нысаны уақытылы аяқталмаған

"1,8 млрд теңге жымқырған": ШҚО-да құрылыс компаниясының топ-менеджерлері ұсталды
Фото: depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу желеуімен 1,8 млрд теңге қаржы жымқырған құрылыс компаниясының топ-менеджерлерінің әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Өскемен қаласында екі күдікті 102 адамды алдап, тұрғын үй құрылысына үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасаған. Алайда құрылыс нысаны уақытылы аяқталмаған. Жұмыстардың мерзімі бірнеше мәрте ұзартылып, көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқсыз қалған. 

Сонымен қатар компанияда үлескерлердің қаражатын тартуға қажетті рұқсат құжаттары болмағаны анықталған. 

"Қазір күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу барысында олардың 2,3 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. 

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің басқа мәліметтері жария етілмеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →