×

Қытайда жаңа вирус өршіп, жұқтырғандар саны артты

Вирустың белгілері:  діріл, жөтел, тамақтың ауыруы, әлсіздік және бас айналу

Қытайда жаңа вирус өршіп, жұқтырғандар саны артты
Сурет: novostivl.ru

Қытайда жаңа метапневмовирусы (hMPV) өршіп, науқастар саны көбейіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы  Euronews мәлімдеп отыр.

Бұл вирус өкпені зақымдап, COVID-19 және тұмауға ұқсас белгілерді көрсетеді: діріл, жөтел, тамақтың ауыруы, әлсіздік және бас айналу.

“Қытайда бүкіл елдегі ауруханалардағы науқастарда тұмау, риновирус және адам метапневмовирусы анықталды. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы 23-29 желтоқсан аралығында тұмауға ұқсас науқастардан сынамалар жинастырған. Сынақ талдаулары тұмау вирусына, адам метапневмовирусына және риновирусқа оң нәтиже көрсеткен. Ведомство респираторлық жұқпалы аурулар қазір үздіксіз өсіп келе жатқанын, бірақ аурудың қоздырғыштары әртүрлі екенін атап отыр”, – делінген Euronews хабарламасында.

Сондай-ақ, Euronews статистикасына сәйкес – иммунитеттің жалпы төмендеуіне байланысты COVID-19 пандемиясынан кейін бүкіл әлемде адам метапневмовирусының жиілігі артқанын хабарлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →