×

"Жардан құлап жоқ болды": Ішінде төрт адамы бар көлік Ертіске батып кетті

Оқыс оқиға 5 қаңтарда таңғы 06:00 шамасында орын алған

"Жардан құлап жоқ болды": Ішінде төрт адамы бар көлік Ертіске батып кетті
Сурет: Polisia.kz

Абай облысында жарыс кезінде ішінде төрт адамы бар автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жайында Абай облысы Полиция департаменті мәлімдеп отыр.

“5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы  полиция мен ТЖМ құтқарушыларына хабарлама түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік ішінде төрт адам болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматты мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымбұлақ маңында қар көшкіні болды: бір шаңғышы қаза тапты
Бүгін, 17:20

Шымбұлақ маңында қар көшкіні болды: бір шаңғышы қаза тапты

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға жайлы мәлімет берді
Оқиға бүгін, 17 наурызда сағат 04:05-те орын алған
Оқиғаға қатысты компания өкілдері пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →