×

Петропавлдағы Абай ескерткішінің басына шыққан шетелдік қамауға алынды

Ол ұсақ бұзақылық қылмыс жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Петропавлдағы Абай ескерткішінің басына шыққан шетелдік қамауға алынды
Сурет: Бейнежазбадан кадр

Петропавлдағы Абай мен Пушкин ескерткіш мүсінінің төбесіне шыққан құқық бұзушылардың бірі бес тәулік қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық соты мәлімдеді.

“1 қаңтарда мұз қалашығында жүрген шетел азаматтары Абай мен Пушкин ескерткішіне шығып, ұсақ бұзақылық іс-әрекет жасаған. Ашуланған қала тұрғындары олар туралы полиция қызметкерлеріне жүгінген. Көп ұзамай бұзақылық жасаған шетел азаматтары ұсталды. Бүгін Петропавлдың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты бұзақылық жасаған бір шетел азаматына сот үкімін шығарды. Ол Абай мен Пушкин ескерткішімен қатар Петропавлдағы жаңа жыл символы  "жылан" мұз мүсініне де көтерілген. Ескерткіштермен суретке түсуге әуесқойға бес тәулік әкімшілік қамауға алу туралы сот үкімі шықты”, – делінген сот хабарламасында.

Ал қамауға алынған шетел азаматының тағы екі досының Қазақстанда болу мерзімі аяқталған. Бұл үшін оларға да әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін екендігі хабарланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады
Кеше, 15:23

Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады

Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін сотта денсаулығы жайлы да алыпқашпа әңгімелерге жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзін атқан Ернар Жиенбайдың әйелін мүлде танымайтынын, оның парақшасына лайк баспағанын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →