×

Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шығарылды

Мұғалім ресми түрде жұмысқа қабылданған болса, онда ол өндірістік жарақат деп танылады

Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім ауруханадан шығарылды
Сурет: qalamger.kz

Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім бүгін ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

"Семейде шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім бүгін ауруханадан шығарылды. Ол емделіп, қайта қалпына келуі керек. Қажетті шұғыл шаралар қабылданды. Кінәлілер жазаланды, бұл барлығына сабақ болуы керек. Әкімдік мұны өндірістік жарақат деп тани ма, танымай ма тергеу аяқталған соң шешіледі. Бұл мәселе толығымен әкімдіктің және менің бақылауымда", –  деді министр.

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова  азамат ресми түрде жұмысқа қабылданған болса, онда ол өндірістік жарақат деп танылады деген болатын.

Еске сала кетейік, 22 желтоқсанда Семейде шыршаны әрлеу кезінде мұғалім Қуат Айтқали биіктен құлап, ауыр жарақат алғанын жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Астанадағы KaRima кафесінде болған өрттен сегіз пәтер зардап шекті
Бойжеткен мен оның туыстары тергеудің созылып кеткеніне шағымданды
Алматылық тұрғын Дильбар Тимурова бұрынғы күйеуінің шабуылы жайлы айтып берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →