×

9 жасар қыздың ішінен «жын шығарған» атыраулық емшіге қатысты Закиева пікір білдірді

Келіншек емшіге келген күні 200-ден астам адам кезекте тұрғандығын айтты

9 жасар қыздың ішінен «жын шығарған» атыраулық емшіге қатысты Закиева пікір білдірді
Видео скриншоты

Әлеуметтік желіде өзін «молдамын» деп 9 жасар қыздан жын шығарып жатқан ер адамның бұрын мешіттің күзетшісі болып жұмыс істегені мәлім болған еді. Осыған қатысты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Аталмыш іс бойынша ІІМ, өңірлік уәкілдермен жұмыс істеп жатырмыз. Емшінің жеке басы мен баланың орналасқан жері алдын-ала анықталды. Ақпарат тексеріліп, мән-жай анықталуда», - дейді Динара Зәкиева журналист Кенжекей Тоқтамұратқызы жазған постының астында.

Айта кетейік, 9 жасар қыздың ішінен «жын шығарып» жатқан емшінің әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бейнежазбада екі ер адам жерде жатқан баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын көруге болады. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодағы Кейқуат Оспанов өзін жын шығарушы молда  ретінде санайды. Ол қыздың ішіндегі жынның мың жылдық екенін анықтап сұрайды. Қыздың сұрақтарға жауап бергенде жылап жатқаны көрінеді. Кейқуат Оспанов «жын шығару рәсімін» жүргізгенде, қызды байлап тастайды. Ал қыздың анасы бұл кісіге әлеуметтік желіден көріп-білгеннен соң келген екен. Сонымен қатар, келіншек емшіге келген күні 200-ден астам адам кезекте тұрғандығын айтты.

Алайда, кейінірек Кейқуат Оспановтың Атырау қаласындағы орталық мешіттің қауіпсіздік қызметкері, яғни күзетші болғаны белгілі болды.

Тіпті Кейқуат Оспанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, бұл марапатты денсаулық сақтау министрлігі берген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Пәтердің төбесі мен үй заттары толығымен өртеніп  кеткен
Куәгерлердің айтуынша, екеуі де мас болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →