×

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды

Оның үстінен полиция қызметкерлеріне күш қолдану қаупі бойынша қылмыстық іс қозғалған

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Бейнеден кадр

Талғарда кісі қолынан қайтыс болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалған, деп  хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпаратты бүгін  Informburo.kz  жариялаған болатын. 

«Азамат қоғамдық орында заңға қайшы әрекет жасағандықтан, оны ұстау туралы шешім қабылданды. Полиция қызметкерлеріне күш қолдану қаупі бойынша қылмыстық іс қозғалып, одан әрі тергеу үшін іс Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне жіберілді», –  деп мәлімдеген министрлік өкілдері.  

Қаржаубай Нұрымовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді неліктен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті жүргізіп жатқаны нақты көрсетілмеген.

Еске сала кетейік, Қаржаубай Нұрымовтың інісі Нұрқанат Ғайыпбаев полицияның алдын ала мәліметі бойынша “өз-өзіне қол жұмсап” қаза болған болатын. Марқұмның жаназасынан соң Азат ауылында журналистермен кездесу кезінде болған жанжал үшін Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынып, жазасын өтеп шыққан.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей Украинаға зымыранмен соққы жасады. 32 адам қаза тапты
Кеше, 20:29

Ресей Украинаға зымыранмен соққы жасады. 32 адам қаза тапты

Ол АҚШ-ты, Еуропаны және өзге елдерді бұл зымыран шабуылына қатаң жауап беруге шақырды
Ақпаратты өңірлік ПД баспасөз қызметі растады
Оның ерекше іс-әрекеті билік өкілдерінің назарын аударған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →