×

"12 миллион теңге несиесі болған". Түркістан облысында әкесі мен екі ұл газдан уланып қайтыс болды

Айлықтан айлыққа өмір сүрген отбасының мойнында 12 миллион теңге несие бар екен.

"12 миллион теңге несиесі болған". Түркістан облысында әкесі мен екі ұл газдан уланып қайтыс болды
Qaz365.kz

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауылындағы үйлердің бірінде 7 қаңтар күні қайғылы оқиға болды. Аядай үйде газ жарылып, бір отбасының үш адамы бақилық болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Арасына күн салмастан 3 күн бойы әкесі мен екі ұлының жаназасын шығарған қаралы отбасы әлі есін жияр емес.

Етегі жасқа толған анасы Нұрила Тұрабаеваның айтуынша, бұған дейін көмірмен жан баққан жанұя бірнеше ай бұрын ғана үйіне газ кіргізіпті. Сөйтіп үйін бір айдан бері иран пешімен жылытуға көшкен екен. Үй иесі Дәулет Тұрабаев Балқашқа қатынап жұмыс істеген. Ол 24 желтоқсанда мерекелік демалысқа үйіне келген. Денсаулығы сыр беріп жүрген келіншегі мен екі қызын қалаға емделуге жіберіпті. Өзі 13,12 және 5 жастағы ұлдарымен үйде қалған. Пеші бар бөлмеде жігіт ағасының қасында екі ұлы, келесі бөлмеде үшінші ұлы ұйықтаған. Абырой болғанда бөлек жатқан жасөспірім аман қалып, қазір ауруханада жатыр. Үш күнде үш бірдей жақынынан көз жазған Динара Әшірова болса оқиғаны күйеуінің өзі хабарлағынын айтады. 

Азанда қоңырау шалып тұр. «Дина қайтшы. Газ жарылды. Мен күйіп қалдым. Балалар аман» деді. Кейін қайта хабарласып едім, қайынағам алды. «Келін оларды жедел-жәрдеммен ауруханаға әкетіп жатыр. Сол жаққа бара бер» деді. Жедел-жәрдеммен Қазығұртқа қатар бардық . Екі баламды көрдім. Екеуі де түгелдей күйіп қалған. Үлкен балам «Мама бізде бәрі жақсы. Болмашы жарақат қой. Жазылып кетеміз» деп айтты, - дейді Динара Әшірова. 

Мамандар жарылыс табиғи газға жалғанған камин пешіндегі газ-ауа қоспасынан болған дейді. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері осыдан кейін бір-ақ тексеруге кірісіп, үй-үйді аралауды бастаған. 

Айлықтан айлыққа өмір сүрген отбасының мойнында 12 миллион теңге несие бар екен. Бірін төрт түлік асырап сату үшін алса, қалғанына жолаушы тасымалдайтын көлік сатып алған. Алайда, ол кәсіптің бірі де жүрмей отағасы Балқашта тас жол төсейтін фирмада нәпақа тапқан. Оның өзін несиеге бөліп отырған отбасы қара су мен нанды қанағат тұтқандарын айтты. 
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында қатардағы жауынгер мерт болды
Бүгін, 17:28

Жетісу облысында қатардағы жауынгер мерт болды

Сарыөзек әскери гарнизоны ресми түсініктеме берген
Оқиға орнында ТЖД психологтары да жұмыс істеп жатыр
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →