×

«Қаңтар оқиғасы»: Қырғыз музыкантын азаптаған полицейлер сотталды

Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар

«Қаңтар оқиғасы»: Қырғыз музыкантын азаптаған полицейлер сотталды
Ашық дереккөзден

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысы Қошмамбет ауылында 44 азаматты азаптаған полицейлер сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар. Оның біреуі – қырғыз музыканты Викрам Рузахунов. 
Судья Дінмұхамед Адайбаев шешім шығарды. Сот үкімімен Берік Әбілбеков,Серік Тұрпанбаев, Бауыржан Сопақов, Нұрсұлтан Хамитов, Арман Шойбеков, Олжас Айдарханов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Полиция қызметкерлері сот залында қамауға алынды. 

  • Берік Әбілбеков – Алматы қалалық ІІД бастығының бұрынғы орынбасары;
  • Серік Тұрпанбаев – «Қарасай» ӨСБ бастығының бұрынғы орынбасары;
  • Нұрсұлтан Хамитов – Қарасай ПБ тергеу басқармасының бұрынғы бастығы;
  • Бауыржан Сопақов - Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың барлығы Қаңтар кезінде ұсталған әкімшілік құқық бұзушыларды уақытша ұстау изоляторының бастығы;
  • Арлан Шойбеков Қошмамбеттегі арнайы абақтыда жай ғана күзет қызметін атқарғанын айтады.
  • Олжас Айдарханов – қазір ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының арнайы тобында жұмыс істейді, Қаңтар кезінде тағылымдамадан өткен.

2022 жылдың 7 қаңтарында Алматы – Бішкек тас жолында «тәртіпсіздікке қатысқандарды ұстау операциясы» кезінде шекара қызметінің арнайы жасағы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтарынан шамамен жүз адамды ұстады. Қошмамбет ауылындағы изоляторға 98 адам жеткізілген.

2022 жылдың 9 қаңтарында Qazaqstan телеарнасы Қырғызстан азаматының Алматыдағы қаңтар оқиғасына қатысқаны туралы бейнеролик жариялады. Сюжетте қырғыз азаматы Алматыдағы митингіге қатысқаны үшін 90 мың теңге ұсынылғанын, ол келісімін бергенін айтады. Кейінірек видеодағы азаматтың музыкант Викрам Рузахунов екені белгілі болды. Бұл оқиға дипломатиялық жанжалға ұласты. Қырғызстан музыканттың ұсталуына байланысты Қазақстанға наразылық нотасын жолдады. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатыспаған өз елінің азаматтарын қорғайтынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Кеше, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр
Полицейлер оны ажалдан арашалап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →