×

Алматы тауларында 3 күн хабарсыз кеткен турист табылды

Ол 2970 м биіктікте шатқалда орналасқан күркеден табылған

Алматы тауларында 3 күн хабарсыз кеткен турист табылды
Сурет: коллаж/ТЖМ

Алматы тауларында 3 күн хабарсыз кеткен турист белсенді іздеу жұмыстарының нәтижесі сәтті аяқталып табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

“12 қаңтардан бастап 1982 жылы туған азамат Алматы облысындағы таулы жерлерге көпкүндік жорыққа шыққан. Турист 15-нен бастап байланысқа шықпаған соң, оның туыстары ТЖМ құтқарушыларының көмегіне жүгінді. Алғашқы екі күнде танымал туристік маршруттардағы 21 орын, соның ішінде әйгілі шыңдар, шатқалдар мен асулар зерттелді. 18-қаңтар күні "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен ұшу нәтижесінде ер адам 2970 м биіктікте "Сол Талғар" шатқалында орналасқан күркеден табылып, Алматы қаласына жеткізілді”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Саяхатшы медициналық көмекке жүгінбеген. Жағдайы жақсы. Туыстарымен аман-есен қауышқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →