×

Бір шапалақ 370 мың теңге: Оралда жасөспірімді ұрған әйел жазаланды

Оқиға Орал дүкендерінің бірінде болған

Бір шапалақ 370 мың теңге: Оралда жасөспірімді ұрған әйел жазаланды
Сурет: liter.kz

Орал тұрғынына жасөспірімді ұрғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық соты мәлімдеді.

Оқиға Орал дүкендерінің бірінде болған. Жасөспірім әйелдің бутикіне барып, әйнек терезеге сүйенген. Сатушының ескертулеріне кәмелетке толмаған жасөспірім мән бермей, оның орнына әйелді балағаттап тастаған.

"Сотталушы мен жәбірленуші арасында жанжал болып, әйел кәмелетке толмаған жасөспірімнің оң жақ бет аймағына шапалақпен ұрып, физикалық ауырсыну мен моральдық зақым әкелген. Орын алған оқиғаға қатысты әйел кінәлі деп танылды", –  делінген Облыстық сот хабарламасында.

 Жасөспірімнің ата-анасы оған қатаң жаза тағайындауды өтінген. Нәтижесінде әйелге сот 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындаған. Бұл шамамен 369 200 теңгені құрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр
Бүгін, 15:42

Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр

Полиция бұл қылмысты тергеп жатқаны айтылды
Полиция департаменті бұл деректі растады
Оларды тінту барысында травматикалық тапаншалар және түрлі калибрлі патрондар табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →