×

Қарағанды облысында трассада жүріп келе жатқан автобус аударылып қалды

Оқиға кезінде автобустың ішінде 17 жолаушы болған

Қарағанды облысында трассада жүріп келе жатқан автобус аударылып қалды
Сурет: Бейнеден кадр

Қарағанды облысында қатты желден автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті мәлімдеп отыр.

“Бүгін сағат 08:54-те республикалық маңызы бар «Бастау-Ақтау-Теміртау» автожолындағы Петровка ауылынан 1 шақырым жерде «Ботақара-Қарағанды» бағыты бойынша жүріп келе жатқан №84 қоғамдық автобус аударылды. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа қатты желдің салдарынан автобустың тепе-теңдігін жоғалтуы себеп болған. Оқиға кезінде автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ”, –  делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жолаушыларға көмек көрсеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Кеше, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →