×

Жетісу облысындағы сарбаз өлімі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Сарыөзектегі сарбаз өлімі

Жетісу облысындағы сарбаз өлімі: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев қатардағы сарбаз Дастан Құрманбектің өліміне қатысты қызметтік тергеу жайлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

14 қаңтарда Сарыөзек горнизонындағы (Жетісу облысы) 12/740 әскери бөлімінде Отан алдында борышын өтеп жүрген Дастан Құрманбек жүрегіне оқ атып, көз жұмған еді.

Мереке Көшекбаев бұл дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін айтты.

«Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. Қызметтік тексеріс бойынша алдын ала болжам жасадық. Сарбаздың өліміне әскери бөлімшенің кемшілігі себеп болуы мүмкін. Олар уақытылы Дастанның ішкі сезімі мен уайымын байқамаған. Әскерге бейімделіп жүрген сарбазға моральдық, психологиялық қолдау көрсете алмады. Әскери бөлімшелерде сарбаздардың жағдайына бірден әрекет ету жүргізіледі. Осы себеппен 8 қаңтар күні бөлім командирі Құрманбек Дастанмен жеке сөйлескен. Оның ата-анасымен сөйлескен. Кейін оның ата-анасы 12 қаңтарда келіп, ұлдарымен кездесті», - дейді ол.

Көшекбаев атағандай, сарбаз күні бойы сыртта ата-анасымен болған.

«Ол сырттан оралған соң ешқандай шағым болған жоқ. Әскерилермен де кикілжің болмаған. Қалған жағдайларды тергеу аясында айтуға болмаайды», - дейді Мереке Көшекбаев.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында қатардағы жауынгер мерт болғаны туралы хабарланған еді. Сарыөзек әскери гарнизоны ресми түсініктеме берген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →