×

"58 жылда бірінші рет жөнделген": Көктемгі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатыр

Еліміздің 16 өңірінде су тасқынына дайындық жүргізіліп, ұзындығы 584 шақырым бөгеттер жөнделген

"58 жылда бірінші рет жөнделген": Көктемгі су тасқынына дайындық қалай жүріп жатыр
Сурет: kazpravda.kz

Көктемгі су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жұмыстары жүргізіліп, 400-ге жуық бөгет жөнделген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймалары мен басқа да гидротехникалық нысандарды жаңғырту және жөндеу бойынша ауқымды жұмысты бастады.

“Өткен жылы министрлік 20 жобаны іске асырумен айналысты. Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Бүгінде қойманың сыйымдылығы 245 млн текше метрге жетті. Ал Батыс Қазақстан облысында соңғы 58 жылда бірінші рет Киров су қоймасы жөнделді. Суару каналдары қалпына келтірілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде шаруаларға арналған судың сапасы жақсарды.”, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Атырау облысында 41 жылда алғаш рет ұзындығы 74 шақырым болатын «Ақсай» каналы жөнделген. 

“Ал Шығыс Қазақстан облысында Қандысу өзеніндегі су қоймасын қайта жаңғыртуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Астана су қоймасын реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар, еліміздің 16 өңірінде су тасқынына дайындық аясында жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 400-ге жуық бөгет жөнделді», –  деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болғандар ұсталды
Бүгін, 13:01

Алматыда жаңа туған сәбиді сатпақ болғандар ұсталды

Бұл қылмыстық тізбек соңғы бірнеше жыл бойы әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып келген
Олардың екеуі психиатриялық ауруханадан, ал үшіншісі полиция басқармасынан қашып кеткен
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →