×

Алматы әуежайы күшейтілген режимге көшті

Әуежайда ауа райына байланысты рейстер кешігуде

Алматы әуежайы күшейтілген режимге көшті
Сурет: karavan.kz

Алматы халықаралық әуежайы ауа райына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

“Алматы халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты әуежайдың өндірістік қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қардың қарқынды жаууына орай ұшақтарға мұздануға қарсы өңдеу қызметтерін көрсетуге шектеулер енгізілді. Барлық қызмет рейстердің кешігуін азайту және операциялардың қалыпты тәртібін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қолдана отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жолаушылардан рейстердің ағымдағы статусын ұшар алдында әуежай мен әуекомпаниялардың ресми сайттарынан тексеруді сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз”, –  делінген әуежайдың баспасөз хабарламасында. 

Қазіргі уақытта ұшу уақыты кешігіп жатқан рейстер қатарында Ташкент, Қостанай, Астана бағыттары бар.1edited 16:05

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →