×

Елордада экстремистік топ мүшелері ұсталды

Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар табылған

Елордада экстремистік топ мүшелері ұсталды
Сурет: коллаж/ҰҚК

Астана және Ақмола облысының Қосшы қаласынан 4 экстремистік топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімеді.

“Ағымдағы жылғы 22 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада және Ақмола облысының Қосшы қаласында прокуратура органдарының үйлестіруімен 4 Қазақстан азаматын ұстады. Олар терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деп күдіктелуде. Тінту барысында тұрғын үйлерінен діни материалдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде”, – делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында,

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр
Бүгін, 18:05

Адвокаттар қайтыс болған Шерзат Болаттың үстінен де қылмыстық іс қозғауды сұрап отыр

Ал сотталушы Дидар Қалиахметтің қорғаушысы Гаухар Баймұханова Қаржаубай Нұрымовтың пышақты үш рет алып шыққаны ескерілуі қажеттігін алға тартты.  
Ол сотта Шерзаттың әкесі мен анасы, әжесі берген жауаптьарда қарама-қайшылық барын айтып отыр
Ол кеше шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне қайта оралмаған
Оқиға бүгін «Шапағат» шағынауданындағы жеке үйлердің бірінде болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →