Олар мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің ұялы телефонын тонап кеткен
Оралда тонау және бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген қыздар ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген”, – делінген ақпаратта.
Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.