×

Бірден қайтыс болған: БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Тасқала кентінде болған

Бірден қайтыс болған: БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті
Сурет: inform.kz

БҚО Тасқала ауданында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Жол-көлік оқиғасы 24 қаңтарда Тасқала кентінде болды. Дүкеннің жанынан артқа қарай қозғалған “Mitsubishi” көлігі жаяу жүргінші жолына шығып кеткен. Осы уақытта әйел жолдың жүріс бөлігін кесіп өтіп бара жатқан. Нәтижесінде жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші  масаң күйде болмағаны анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", –  делінген полиция хабарламасында. 

Тергеу барысында көлікті басқарған сол ауданның полиция бөлімінің қызметкері екені анықталды. Ол ішкі істер органдарынан босатылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Басы жарылған»: Әсет Матаев өзіне бір топ адамның жабылып шабуыл жасағанын айтты
Бүгін, 17:13

«Басы жарылған»: Әсет Матаев өзіне бір топ адамның жабылып шабуыл жасағанын айтты

ҚазТАГ агенттігінің бас директоры өзіне әлдекімдердің шабуыл жасағанын айтты
Шыңғырлау ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы, 57 жастағы Әлібек Жүпіловті жерлеу рәсімі 18 наурызда өтеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →