×

Қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты

Қаңтар оқиғасы туралы іс бойынша барлығы 45 айыпталушының соты өтті

Қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты
Сурет: instagram.com/kudaibergen_kairat

Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасы бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды.

Сот Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін кінәлі деп таныды. Сонымен қатар, оған журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Тергеу барысында Құдайберген Арман Жұмағелдиевпен (Дикий Арман) бірге Алматыдағы "Қазақстан" қонақ үйінде адамдарды жинағаны анықталды. Онда ол Жұмағелдиевтің бастамасына бірігіп, оны қолдауға және билікке бірыңғай талаптар қоюға шақырған.

Қаңтар оқиғасы туралы іс бойынша барлығы 45 айыпталушы, жәбірленушілер жағында — 24 адам арызы қаралған. Сот процестері мемлекеттік құпияның болуына және зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жабық режимде жүргізілді. Үкім бүгін, 27 қаңтарда №72 тергеу изоляторынан таратылып, шығарылған.

Бұдан өзге Қаңтар оқиғасына қатысты айыпталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Руслан Искаков пен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) де қатысты сот үкімі шықты. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астана аспанында белгісіз нысандар ұшып жұртты алаңдатып қойды
Кеше, 23:23

Астана аспанында белгісіз нысандар ұшып жұртты алаңдатып қойды

Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды
Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып наразылық танытқан
Оның айтуынша, айыпталушылар “бұзақылық” емес топ болып “кісі өлтіру” бабымен сотталуы тиіс болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →