×

4 мың оқушы информатика сабағында ересектерге арналған сайттарды қараған

Оқиғаға қатысты 7 мектептің мұғалімі жауапкершілікке тартылған

4 мың оқушы информатика сабағында ересектерге арналған сайттарды қараған
Сурет: kpfu.ru

Жетісу облысында оқушылар сабақтың орнына діни ойын мен ересектерге арналған сайттарды қараған,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлімдеді.

“Көксу ауданындағы 7 мектепте 4 мың оқушы информатика кабинетіндегі тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «Игра Сатаны» діни ресурсын және мазмұны ересектерге арналған сайттарға кірген. 7 мұғалім жол берілген бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Жетісу облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды жалғастыруда және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған сайттар бұғатталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →