×

Астанадағы жатақханадағы өрт арасынан 11 газ баллоны шығарылды

Өрт бүгін Байқоңыр ауданы Таха Хусейн көшесінде екі қабатты жатақханадан шыққан

Астанадағы жатақханадағы өрт арасынан 11 газ баллоны шығарылды
Сурет: ТЖМ

Елордалық өрт сөндірушілер өрт кезінде 15 адамды эвакуациялап, 11 газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бүгін Астана қаласы Байқоңыр ауданы Таха Хусейн көшесінде екі қабатты жатақханада өрт орын алды. Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер 20 ш.м. алаңдағы өртті жедел сөндірді. ТЖМ күштерімен түтінді аймақтан 15 тұрғын эвакуацияланып, қауіпсіз аймаққа 11 газ баллоны шығарылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Өрт кезінде жарақаттанып, зардап шеккен адамдар жоқ. Қазіргі уақытта өрт себебі мен шығын мөлшері анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
Кеше, 19:46

«Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды

Бас прокуратура күдіктіні елге қайтару туралы сұрау салуды дайындау үшін өтініш жолдады
Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →