Жәмішев қорды үш жыл басқарды
2025 жылдың 31 қаңтарында "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басшысы ауысқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қордың Instagram желісіндегі парақшасында хабарланғандай, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Лаззат Шыңғысбаева "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының басқарма төрайымы болып сайланды.
Ол бұған дейін "Қазақстан халқына" қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда – "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Атамекен" ҰКП құрметті қызметкері" медалімен марапатталған.
Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті "Қазақстан халқына" ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлады.
Басшылықтың ауысқанына қарамастан, Қор жұмысын қалыпты тәртіпте жалғастырады. Қордың Қамқоршылық кеңесінің пікірінше, басшылықтың ауысуы – бұл жаңа тарау, ол қайырымдылық қызметті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктерді ашады.
Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан халқы" қоғамдық қорын үш жыл басқарған Болат Жәмішевтің қызметінен кеткені белгілі болған еді.