×

Жезқазғанда қоқыс жәшігінен ер адамның бөлшектелген денесі табылды

Қылмыстық қару – пышақ тәркіленді

Жезқазғанда қоқыс жәшігінен ер адамның бөлшектелген денесі табылды
Фото: depositphotos.com

Жезқазған қаласында қоқыс контейнерінен аяқ-қолы жоқ ер адамның бөлшектелген денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Криминальный Казахстан» Telegram арнасының мәліметінше, 1985 жылғы ер адамның денесі 30 қаңтар күні табылған.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде 1977 жылы туған әйелді ұстады. Ол өз пәтерінде бірге алкогольдік ішімдік ішкен соң жанжал кезінде ер адамды пышақтап өлтіріп, кейін оның денесін бөлшектеп тастаған.

Қылмысын жасыру үшін ол сыбайласымен бірге мүрдені қоқыс контейнеріне апарып тастаған. Қылмыстық қару – пышақ тәркіленді. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →