×

"Шетелде қыдырған, ойын ойнаған": Павлодар тұрғыны салымшылардың ақшасына ойына келгенін істеген

Ол 150-ден астам салымшының  100 миллион теңгеден аса қаражатын жұмсап тастаған

"Шетелде қыдырған, ойын ойнаған": Павлодар тұрғыны салымшылардың ақшасына ойына келгенін істеген
Сурет: egemen.kz

Павлодар тұрғыны қаржы пирамидасын құрып, салымшылардың ақшасына ойына келгенін істеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеп отыр.

“Павлодар облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі«Автолюкс» инвестициялық пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша іс тіркеді. Қаржы пирамиданың өмірлік циклі 2024 жылғы қыркүйектен қарашаға дейінгі 3 айды құрады. Алайда, оның қызметі Павлодар, Алматы, Ақтөбе және басқа облыстарға таралып үлгерген. Белгілі болғандай, күдікті интернет-дүкен платформасында жұмыс істей отырып, тауарларды жалған түрде бөліп төлеуге сатып алу үшін ақша салуды ұсынып, әр 10 күн сайын 5%-дан 15%-ға дейін сыйақы төлеуге уәде берген. Кейінірек, салымшылар нақты сатып алынбаған тауарлар үшін қарыздарды төлей берді, ал күдікті ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны ойын-сауыққа, соның ішінде шетелге (БАӘ, Тайланд және т.б.) сапарларға жұмсады. Пирамидаға 150-ден астам адам жұмылып, нәтижесінде 100 миллион теңгеден астам қаражат салған. Қаржы пирамиданың қаражатына күдікті екі автокөлік, Mercedes Benz және Toyota Camry маркалы көліктерді сатып алғаны анықталды, олар соттың санкциясымен тәркіленді”, – делінген ҚМА хабарламасында.

 Сот күдіктіге қатысты «үйқамақ» түрінде бұлтартпау шарасын қолданған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →