×

"Қонаевта оқушы аяусыз соққыға жығылған": әкімдік өкілдері мәлімет берді

Оқушының анасы да пікір білдірді

"Қонаевта оқушы аяусыз соққыға жығылған": әкімдік өкілдері мәлімет берді
Фото: pixabay

Қонаев қаласының әкімдігі кәмелет жасқа толмаған баланы сыныптастары өлімші етіп сабағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оқушы антисептиктен уланып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Білім бөліміндегілер орта мектеп-гимназиясындағы тәртіптік жағдайға қатысты комиссия құрған. Оқушы антисептиктен уланды деген диагнозбен ауруханаға түскен. Қазіргі таңда жағдайы жақсы, ем қабылдап жатыр. 

Оқушының анасы да төбелес болғанын жоққа шығарып, видео түсірген. 

"Осы жылдың 31 қаңтарында кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға түсті. Қаланың кіреберіс көпірінің астында ұлымды ешкім соққыға жыққан жоқ және ешқандай топтық төбелес болған жоқ", - дейді Ажар Дәмренова есімді әйел бейнежазбада.

Қонаев әкімдігі журналистерден және Қазақстан халқынан ресми ақпарат көздеріне ғана сенуін сұрайды. Жалған ақпарат тарату үшін заңнама аясында әкімшілік жаза қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ олар Қонаевта бұған дейін көпірдің астында төбелес болғаны туралы дерек тіркелмегенін айтты. Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған бала оқуда озат, ортасында сыйлы оқушы болған. 

Еске салайық, бұған дейін журналист Гүлмира Әбіқай Instagram желісіндегі парақшасында Қонаев қаласының 9-сынып оқушылары өз сыныптасын қала көпірінің астында ұрып-соққанын жазған еді.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр
Бүгін, 15:42

Алматыда үйге қасақана өрт қойған адам іздестіріліп жатыр

Полиция бұл қылмысты тергеп жатқаны айтылды
Полиция департаменті бұл деректі растады
Оларды тінту барысында травматикалық тапаншалар және түрлі калибрлі патрондар табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →