×

Археолог Ерлан Жағыпаровты атқан подполковникке сот үкімі шықты

Сотта күдіктіге қатысты іске 30-дан астам адам куәгерлік еткен

Археолог Ерлан Жағыпаровты атқан подполковникке сот үкімі шықты
Сурет: Facebook.com/Ольга Гумирова

Қаңтар оқиғасы кезінде археолог Ерлан Жағыпаровтың өліміне кінәлі деп танылған Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің подполковнигі Айтжан Әубәкіровке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сот үкімін бүгін 7 қаңтар күні Алматының әскери соты шығарған.

“Әубәкіров 2022 жылғы 6 қаңтарда Алматы қаласында Ерлан Жағыпаров пен Әуез Қапсалановақа оқ атқан. Сот барысында медициналық сараптама нәтижелері айтылып, 30-дан астам куәгерлер сұралды. Алматы горнизоны әскери соты Айтжан Әубәкіровті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы («Билікті асыра пайдалану») бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті”, – делінген сот шешімінде.

Еске сала кетейік, бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы 2024 жылғы 19 желтоқсанда басталған болатын. Алайда бірнеше сот процесінен кейін сот жабық режимде өтті, журналистер сот залына кіргізілмеді. Сот мұны ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік құпияларға қатысты ақпараттың барлығымен түсіндірді.

Ерлан Жағыпаров – археолог, тарихи-мәдени мұраны зерттеуші болған. Қаңтар оқиғасы кезінде жоғалып кетіп, бірнеше күннен кейін мәйітханадан табылған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жасөспірімдер қыз баланы ұрып-соғып, тізерлетіп кешірім сұратқан
Кеше, 22:40

Алматыда жасөспірімдер қыз баланы ұрып-соғып, тізерлетіп кешірім сұратқан

Әйелдің айтуынша, оқиға 8 наурыз күні «Азия Парк» сауда-ойын-сауық орталығында болған.
Кәбілдер құрылысқа, логистикаға, теміржолдардың пайдасына жарайды
Оқиға Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған
Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған адам 25-35 жаста болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →