×

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды

Ол шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге итермелеген

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды
Сурет: qamqor.gov.kz

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Күдіктіге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздеу жариялаған.

Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовтың Обухов тау-кен байыту комбинатында заңсыз өндіру ісіне қатысы бары анықталған.

2024 жылдың желтоқсанында сот оны кінәсіз деп тапқан. Бірақ кейін прокуратура апелляциялық шағым түсірген. Осылайша қаңтарда қамауда ұстау туралы шешім шығарылған.

Тергеу мәліметінше, оған шенеуніктерге 225 миллион теңге көлемінде пара беруге итермеледі деген айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, Сәдуақасов 2019 жылдың ақпан айынан бері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымбұлақ маңында қар көшкіні болды: бір шаңғышы қаза тапты
Бүгін, 17:20

Шымбұлақ маңында қар көшкіні болды: бір шаңғышы қаза тапты

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға жайлы мәлімет берді
Оқиға бүгін, 17 наурызда сағат 04:05-те орын алған
Оқиғаға қатысты компания өкілдері пікір білдірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →