×

Алматы метросындағы жанжалдың арты төбелеске ұласты

Бірі теуіп, бірі беттен жұдырықпен ұрды

Алматы метросындағы жанжалдың арты төбелеске ұласты
Сурет: Qaz365.kz/ B. Karipov

Жолаушылар Алматы метросында сөзге келіспей қалып төбелес шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы жекпе-жектің бейнесі әлеуметтік желілерде тарап кетті. 

“Жанжал ер адамның жас жігітке сөмкесін шешіп, қолға алуын өтінгеннен басталды. Ол жігіт ер адамның өтінішін орындаудан бас тартты. Одан кейін бірден жанжал басталып, арты төбелеске ұласты. Бірі теуіп, бірі беттен жұдырықпен ұрды”, – дейді оқиға куәгерлері.

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді.

"Аталған оқиғаға байланысты метрополитендегі полиция басқармасы тексеру жүргізуде. Жанжалға қатысушылар анықталды. Басқа жағдайлар нақтылануда", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес
Бүгін, 02:51

«Аттың жалына байлап сүйреген»: Айзат Жұманованың туыстары эксгумацияға қарсы емес

Асқан қатыгездікпен қаза тапқан Айзат З жыл бұрын отау құрған.
Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тілсіз жаумен күреске 100-ге жуық қызметкер мен 60 арнайы техника жұмылдырылды.
Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →