×

ШҚО-да көрші азамат қарт кісі мен төрт баланы құтқарып алды

Оқыс оқиға Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында болған

ШҚО-да көрші азамат қарт кісі мен төрт баланы құтқарып алды
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызмет

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында ер адам өрт шыққан үйден төрт бала мен әжейді құтқарды. Ол көршілерін қауіпсіз жерге аман-есен алып шыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖД мәліметінше, оқыс оқиға Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында болған.

Белгілі болғандай жеке тұрғын үйде өрт шыққан. ШҚО ТЖД қызметкерлері келгенге дейін көршісі Талғат Мүсірат терезе арқылы қатты түтіндеген үйге кіріп, 1956 жылы туған әйел адамға және 2017, 2019, 2020 және 2023 жылы туған төрт балаға үйден шығуға көмектескен.

Оқиға орнына келіп жеткен №25 ӨСБ өрт сөндірушілері 30 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығу себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Осы орайда мамандар азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.

"Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жою қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. Өрт кезінде дереу "112" нөмірі бойынша хабарлаңыз", - дейді ШҚО ТЖД өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ата-анамен арасындағы проблеманы айтқан мектеп директоры желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды
Кеше, 13:25

Ата-анамен арасындағы проблеманы айтқан мектеп директоры желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Ол директор болып алғаш келген күні-ақ ата-аналар тарапынан түрлі шағымдар түскен
Ардагерді шараға күзетте тұрған әскерилер мен полиция қызметкерлері кіргізбеген
 Бұл жайында Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Өрт Сарыарқа ауданындағы бутиктердің бірінен басталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →