×

Қызылорда облысында 9-сынып оқушысы сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді

Қызылорда облысында 9-сынып оқушысы сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: Getty Images

Қызылорда облысында 17 жастағы жасөспірім тоғызыншы сынып оқушысын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың қаза тапқаны туралы ақпаратты растады. Оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның ішінде полиция барлық материалдарды зерделеуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа қатысы бар тағы екі адамға қатысты бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалып, сот оларға қатысты үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», – делінген хабарламада.

Полиция облыстық білім басқармасына ресми хабарлама жіберген. Ал ювеналды полиция қызметкерлері оқушылар арасындағы осындай оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтетінін хабарлады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →