×

Жарысқа бара жатқан: Қостанай облысында балалар мінген екі автобус қар құрсауында қалды

Құтқару жұмыстары барысында зардап шеккендер жоқ

Жарысқа бара жатқан: Қостанай облысында балалар мінген екі автобус қар құрсауында қалды
Видеодан кадр

Қостанай облысында жарысқа бара жатқан балалар мінген екі автобус қар құрсауында қалып қойды. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жас спортшыларды жылыту пунктіне жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай облысы, Амантоғай ауылынан 20 шақырым жерде, «Әулиекөл-Жолдама» облыстық маңызы бар жолында болды.

«Төтенше жағдайлар қызметкерлері 13 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқару жұмыстары барысында Амантоғай ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді. Сонымен қатар автобустар мен жеті жеңіл көлік, яғни 14 адам мінген көлік қардан шығарылып, тазартылған жолға қарай эвакуацияланды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Құтқару жұмыстары барысында зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ мамандары қыс мезгілінде алыс сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын мұқият қадағалауға және жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ата-анамен арасындағы проблеманы айтқан мектеп директоры желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды
Кеше, 13:25

Ата-анамен арасындағы проблеманы айтқан мектеп директоры желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды

Ол директор болып алғаш келген күні-ақ ата-аналар тарапынан түрлі шағымдар түскен
Ардагерді шараға күзетте тұрған әскерилер мен полиция қызметкерлері кіргізбеген
 Бұл жайында Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Өрт Сарыарқа ауданындағы бутиктердің бірінен басталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →