×

Қандай көмек көрсетіледі?: Мемлекет басшысы Ұлытаудағы шахтада қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты

Оқиғаға қатысты Полиция қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша бойынша іс қозғаған

Қандай көмек көрсетіледі?: Мемлекет басшысы Ұлытаудағы шахтада қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты
Сурет: Wikimedia

Мемлекет басшысы Ұлытау облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Үкіметке төтенше жағдайдың мән-жайын мұқият тексеру жөнінде міндет жүктеді.Салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсету туралы тапсырма берілді”, – делінген хабарламада.

 

«Қазақмыс» келісімшартқа сәйкес қаза болған қызметкерлердің отбасыларына жылдық табысының 10 еселенген мөлшері мен жерлеу рәсіміне 2 млн теңге берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ  Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан тағы қарастырылып жатқан көмектер келесідей:

  • асыраушысынан айырылу бойынша ай сайынғы төлемдер,
  • балаларды оқытуға ақы төлеу,
  • қайтыс болған қызметкерлердің несиелері мен қарыздарын өтеу,
  • отбасы мүшелерінің өтініші бойынша көмектің өзге де түрлерін қарастыру.

Еске сала кетейік, осығавн дейін біз Құтқарушылар үйінді астында қалған барлық жеті  жұмысшының мәйітін тапқанын, оқиғаға нақты не себеп болғаны туралы жазған болатынбыз. 

Оқиғаға қатысты Полиция қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») бойынша іс қозғаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →