×

Үй тапсырмасын орындамаған қызын пышақтаған анаға сот үкімі шықты

Ол ас үй пышағымен қызының жамбастарына жарақат салған

Үй тапсырмасын орындамаған қызын пышақтаған анаға сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында үй тапсырмасын орындамаған11 жасар қызын пышақтап өлтірген жергілікті тұрғынға үкім шығарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы  СҚО өңірлік соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Процесс барысында сотталушы кінәні толық мойындады және айыптауға қарсы болмады. Сот әйелдің  қылмысы үшін шынайы өкінуін жеңілдететін жағдай деп тапты.  Жүктілікті ескере отырып, сот оған Қылмыстық кодекстің 106 – бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы - "кәмелетке толмағандардың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша алты жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең аз жаза тағайындады”, – делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Оқиға 2024 жылдың қыркүйегінде орын алған. Ол қызының үй тапсырмасын тексеру кезінде мектеп дәптерін "орынсыз" жазғанын анықтаған. Бұл үшін әйел қызының сол және оң жамбастарын ас үй пышағымен жарақаттаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады
Кеше, 15:11

Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады

Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →