×

5 млн тг талап еткен: Алматы облысында жасөспірімнен ақша бопсалағандар ұсталды

Тергеу амалдары жүргізілуде

5 млн тг талап еткен: Алматы облысында жасөспірімнен ақша бопсалағандар ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Балқаш ауданы Миялы ауылының 42 жастағы тұрғыны жүгінген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әйелдің айтуынша, 2025 жылғы 8 ақпанда сағат 15:00 шамасында Қызыл-Қайрат ауылында белгісіз адамдар оның кәмелетке толмаған ұлын күштеп Hyundai Elantra автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Күдіктілер баланы ұрып-соғамыз деп қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен.

"Аталған факті бойынша бопсалау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктілердің жәбірленушіні интернетте жеке видеосын таратамын деп қорқытып, бопсалағаны анықталды", – деді полицейлер.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді 500 мың теңгенің бір бөлігін алу кезінде қолға түсірді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →