Мәйіт бүгін 25 ақпан таңертең Үлбі көпірінің астындағы спорт сарайының маңынан табылған
Ер адамның мәйіті Өскемендегі көпірдің астынан табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ШҚО полиция департаменті мәлімдеді.
“Ер адамның денесі 25 ақпан күні таңертең Үлбі көпірінің астындағы спорт сарайының маңынан табылды. Қаза болған ер адамның жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сыртқы тексеру кезінде зорлық-зомбылық пен ұрып-соғу белгілері анықталған жоқ”, – делінген полиция ақпаратында.
Қазір полиция болған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғап, өлім себебін анықтап жатыр.