Сот шешім шығарған
Гагарин даңғылы, 284 мекенжайындағы құрылыс нысаны заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін нысан иесіне (жеке тұлға) қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Сонымен қатар нысанның іргетасына металл құрылымдар орнату кезеңінде құрылыс жұмыстары тоқтатылған болатын.
Нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу туралы талап арыз берілді. 2024 жылғы 22 ақпанда сот бұл талапты қанағаттандырды.
Нысанды бұзу жұмыстары Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Айта кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 71 заңсыз нысан толықтай немесе жартылай бұзылған, оның ішінде "Мечта", KHAN тұрғын үй кешендері және т.б. бар.