×

Алматыдағы жеті жасар қыздың өлімі: жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды

Қала прокуратурасы мәлімет берді

Алматыдағы жеті жасар қыздың өлімі: жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Алматыда жеті жасар қызды қаққан Renault жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала прокуратурасы жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша Renault жүк көлігінің жүргізушісін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

"Новая-Бурундайская көшелерінің қиылысында жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті, бала сол жерде көз жұмды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты жүргізушіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Бап бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан және 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қала прокуратурасы көлік иелерін сақ болуға, жолда өзара сыйластық танытып, жол ережесін сақтауға шақырады.

Айта кетейік, өткен аптада Алматыда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті жасар қыз көз жұмды, баланы жүк көлігі басып кетті.

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбеков Алматыдағы балалар өліміне себеп болған жол-көлік оқиғалары туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, автобус жүргізушісі де жазаланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →