×

Павлодарда күзет ұйымының директорына қарақшылық шабуыл жасалды

Қарақшылар 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденіп кеткен

Павлодарда күзет ұйымының директорына қарақшылық шабуыл жасалды
Сурет: Polisia.kz

Павлодар облысында күзет ұйымының директорына қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды  Qaz365.kz

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді анықтап, ұсталды. Күдіктілер пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденгені анықталды. Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды”, – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Қазіргі таңда, күдіктілер УҚИ-ге қамалған. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →