×

Көкшетауда 5 жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап қаза тапты

Полиция қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр

Көкшетауда 5 жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап қаза тапты
Сурет: Shutterstock

2025 жылдың 10 сәуірі күні кешкі уақытта Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағын ауданында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бес жастағы бала терезе алдына шығып ойнап отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол терезенің қорғаныш торын итеріп жіберіп, алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

«Ауыр жарақат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде.

Қазір полиция қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция ата-аналарға қарапайым ережелерді ұстануды ұсынады:

  • баланы ешқашан терезелері ашық бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз;
  • тиісті қорғаныссыз москит торларын пайдаланбаңыз;
  • бала терезені өздігінен аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
  • баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз;
  • терезе торларын орнатыңыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның ерекше іс-әрекеті билік өкілдерінің назарын аударған
Қарақшылар 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденіп кеткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →