×

"Сақ болыңыз!": Өскемен тұрғыны жеті адамның атына несие рәсімдеп тастаған

Ол танымал мессенджерлердің бірінде алаяқтық іспен айналысқан

"Сақ болыңыз!": Өскемен тұрғыны жеті адамның атына несие рәсімдеп тастаған
Сурет: Sputnik/Болат Шайхинов

Өскемен тұрғыны жеті адамның атына шағын несиелер рәсімдеген, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Өскемен қаласында ер адам өзге азаматтың атына заңсыз түрде жеті шағын несие рәсімдеді деген күдікке ілінді. Белгілі болғандай, облыс орталығының тұрғыны танымал мессенджерлердің бірінде алаяқтардың құрбанына айналған. Бөгде тұлға жәбірленушінің жеке деректерін, нақтырақ айтқанда, растау кодын пайдаланып, оның атына жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам қаражатқа жеті шағын несие рәсімдеген. Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде”, – делінген полиция хабарламасында.

Құқық қорғау органдары азаматтарға бір реттік растау кодтарын, құпия сөздер мен жеке деректерді ешкімге жарияламауға кеңес береді. Алаяқтар түрлі айла-тәсілдер арқылы азаматтардың сеніміне кіріп, олардың атынан заңсыз әрекеттер жасауға ұмтылады. Өз қауіпсіздігіңіз үшін жеке ақпаратты құпия ұстаңыз және мессенджерлер арқылы келген күмәнді хабарламаларға аса сақтықпен қараңыз.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Сот отырысы  бейнекамералардан алынған жазбаларды зерттеу нәтижесінде жүргізілген
Куәгерлер әйелді вагон астынан шығарып үлгергенімен, дәрігерлер келгенге дейін жан тапсырған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →