×

Сарыағаштағы мұғалім сүйреген бала: Түркістан облысының білім басқармасы түсініктеме берді

Бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алынып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізілген

Сарыағаштағы мұғалім сүйреген бала: Түркістан облысының білім басқармасы түсініктеме берді
Сурет: Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде «Әділ кәсіподақ» ұйымы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жантүршігерлік сәттің видеосын жариялаған болатын. Осыған орай Qaz365.kz редакциясы Түркістан облысының білім басқармасына сауал жолдап, түсініктеме беруін сұраған болатын. Ал оқиғаның өзі наурыз айында орын алған.

“Түркістан облысының білім басқармасы бейнематериалда көрсетілген жағдайды назарға алып, тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оқиға жекеменшік коррекциялық орталықта орын алған. Бейнематериалдағы ер адам – мұғалім емес, арт-терапевт маманы. Ол орталық тарапынан жұмыстан босатылды. Бүгінде балаға қажетті психологиялық қолдау көрсетілді. Қазір баланың жағдайы жақсы, тұрақты сабаққа қатысып жүр деп хабарлаймыз”, – делінген Облыстық білім басқармасының түсініктемесінде.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін 13 жастағы Еркебұлан Жақыбай есімді даун диагнозы бар бүлдіршіннің Сарыағаш қаласындағы «Ақылды бала» коррекциялық орталығындағы сурет пәнінің мұғалімімен болған келеңсіз оқиғасы туралы жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Екпе салған 8 айлық бала шетінеді: Түркістан облысында бір ауруханадан 6 баланың мәйіті шықты
Кеше, 08:07

Екпе салған 8 айлық бала шетінеді: Түркістан облысында бір ауруханадан 6 баланың мәйіті шықты

Қайғыдан қан жұтқан ата-аналар жауапты тұлғаларды қатаң жазалауды талап етіп отыр
Бейнежазба желі қолданушыларының наразылығын туғызған еді
Тергеу нұсқасына қарасақ, ол кіші ұлын мамыр айында, ал қалғандарын қарашада өлтірген
Бұл дерек бойынша полиция «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →