×

Меркіде мототуристке пышақ сұққан күдікті 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Күдікті ізін суытпай ұсталды

Меркіде мототуристке пышақ сұққан күдікті 7 жылға дейін сотталуы мүмкін
Видеодан скриншот

Жамбыл облысының Меркі ауданында жанармай құю бекетінде суық қаруды қолдану арқылы жасалған шабуыл фактісі бойынша ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі бойынша (пышақпен жасалған бұзақылық) 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық іс Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды, жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-тергеу тобының жұмысын үйлестіру үшін аймаққа ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жіберілді. Оқиғаны толық және жан-жақты тергеу қамтамасыз етіледі», - деп хабарлады ІІМ.

Күдіктінің іс-әрекетін қайта саралау туралы мәселе тергеу әрекетінің нәтижесі және қадағалау органының келісімі бойынша қаралатын болады.

Сонымен қатар адвокаттың өтініші бойынша жәбірленушіге полиция қызметкерлері қатарынан күзет қамтамасыз етілді. Тергеу барысы ҚР ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

Айта кетейік, Меркі ауданында Шымкентке жол тартқан мототуристердің бірін ер адам жанармай бекетінде пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Кеше, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →