×

Флорида университетінде болған атыс: қазақстандық студенттердің жағдайы қалай?

2025 жылғы 17 сәуірде Флорида штаты университетінің кампусында атыс болды.

Флорида университетінде болған атыс: қазақстандық студенттердің жағдайы қалай?
Фото: Sarah Silbiger/Bloomberg via Getty Images

 «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Флорида штаты университеті кампусында болған оқиғаға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2025 жылғы 17 сәуірде Флорида штаты университетінің кампусында атыс болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды.

“Халықаралық бағдарламалар орталығы жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр және осы университетте білім алып жатқан қазақстандық стипендиаттармен тұрақты байланыста. Бүгінде Флорида штаты университетінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында 4 стипендиат білім алып жатыр, оның 3-еуі магистратура, 1-еуі докторантура бағдарламасы бойынша. Барлық стипендиат аман-есен, жергілікті билік органдарының нұсқауларын бұлжытпай орындап отыр. Біз студенттерімізге дер кезінде ақпарат беріп, қауіпсіздік шараларын сақтағандары үшін алғыс білдіреміз”, – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, оқыс оқиғаға байланысты университет оқу процесі мен іс-шараларды уақытша тоқтатты.

“АҚШ аумағында жүрген барлық стипендиатқа сақтық шараларын қатаң сақтауды, сергек болуды және күмән тудыратын жағдайда, дереу орталықпен байланысқа шығуды сұраймыз”, – деп хабарлайды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. 

Айта кетейік, АҚШ-тың Флорида штаты университетінде болған атыс кезінде адамдар жарақат алған. Беймәлім адам Таллахасси қаласындағы университет кампусында оқ жаудырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Әйелі директор, өзі полиция қызметкері болған». Әйелін пышақтап өлтірген азамат туралы тың дерек шықты
Кеше, 23:07

«Әйелі директор, өзі полиция қызметкері болған». Әйелін пышақтап өлтірген азамат туралы тың дерек шықты

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті — Алматы облысының жол-патрульдік полиция батальонында қызмет еткен
Қанды оқиға “Шұғыла” ықшамауданында болған
Жәбірленген баланың анасы істің жабылып қалуынан қауіптенген. 
Пәтер иесіне 4 жыл шартты жаза тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →